Қосшыда жеке үйлердің бірінде монша өртенді

Қалижан Бектемір
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысы Қосшы қаласында монша өртенді. Оқиға жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қызыл жалын 35 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт санаулы минутаттарда сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.