Алматыда ҰҚК Шекара академиясы аумағынан адам сүйектері табылды

Қалижан Бектемір

Әлеуметтік желіде Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясының аумағынан адам сүйегі табылғаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: t.me/almaty_my

Сүйектер академия аумағындағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған.

Алматы полиция департаменті табылған сүйекке қатысты түсініктеме берді.

Медеу аудандық полиция бөлімі ескі жерлеудің табылуы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Алматы полициясы.