Жаңбыр, найзағай: 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қалижан Бектемір

"Қазгидромет" РМК 2Қазақстан аумағы бойынша 23 қыркүйек, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Республикамыздың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан өңірлерінде сипат алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының орталығында, батысында, Абай облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.