Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478 - 481 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 23 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,05 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 534,57.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,16 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479,42 теңге. Еуро 532,89 — 536,77 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 478,02 теңге, сатып алу құны — 481,98 теңге. Еуро 535,03 теңгеден сатылып, 529,03 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 - 5,22 аралығында саудаланып жатыр.