Иордания патшайымы Рания Аль-Абдулла әлемдік саммитте сөз сөйлеп, Газа тақырыбын көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
“ГАЗА АРТТА ҚАЛЫП ҚОЙДЫ”
Иордания патшайымы Рания Аль-Абдулла Монреальдағы One Young world саммитінде Газадағы соғыстағы халықтың жағдайын айтты.
“Бұл соғыстың кесірінен Газа секторы бірнеше жылдарға артта қалып қойды”,- деді Рания Аль-Абдулла.
“ҚАУІПСІЗ ЖЕР ІЗДЕУМЕН ӨТІП ЖАТЫР”
Рания адамдардың өмірі “қолдарына жарақат алған балаларын жетектеп, қауіпсіз жер іздеумен” өтіп жатқанын айтты.
"Елестетіп көріңізші, 2 миллионға жуық адам – Монреаль қаласының тұрғындарынан көп... Киім-кешек пен қолында жарақат алған балалардан басқа ештеңе жоқ. Әр шаршы шақырымға 24000 адамнан тұратын және дәретханада 4000-нан астам адам жиналатын шатырлы қалаларға қамалған отбасыларды елестетіп көріңіз", - деді Иордания патшайымы
Ол барлық ғимараттардың үштен екісі бүлінген немесе қирағанын және он адамның тоғызы кем дегенде бір рет қоныс аударғанын айтып, Газадағы халықтың жаппай қирауы мен қоныс аударуына назар аударуды сұрады.
РАНИЯ АЛЬ-АБДУЛЛА
Рания Аль-Абдулла – 54 жастағы Иордания патшайымы, II Король Абдалланың әйелі.
Рания Аль-Абдулла Эль-Кувейтте (Кувейт) палестиналықтардың отбасында туған. Тоқсаныншы жылдардың басында оның отбасы Кувейттен Иорданияға қашуға мәжбүр болды. Себебі Кувейт Ирак оккупациясынан босатылғаннан кейін палестиналықтар басқыншылармен ынтымақтастық жасады деп айыпталды.
2008 жылы 30 желтоқсанда Король Хусейн ауруханасындағы донорлық пунктке барып, Израильдің Хамас террористерінің бірнеше рет атқылауынан зардап шеккен Газа секторының тұрғындарына қан тапсырды.
"Патшаның сыйы" (2000), "Бұзылмайтын сұлулық" (2008) кітаптарының авторы.