×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Санкция әсері: Ресей Қазақстанда юань және рубльмен сауданы арттырды

25.09.2024, 14:33
Санкция әсері: Ресей Қазақстанда юань және рубльмен сауданы арттырды
Ulysmedia коллажыс

АҚШ-тың Ресей қаржы институттарына қарсы санкциялары күшейген кезде Қазақстан Ресей мен Қытай арасындағы валюта операциялар үшін тартымды хабқа айналып келеді. Ресейлік банктер өз төлемдерін юань және рубльмен қазақстандық қор биржасы (KASE) арқылы белсенді түрде аударады. Бұл валюталық жұппен сауда-саттық көлемінің айтарлықтай өсуіне әкелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

KASE-ДЕ САУДА-САТТЫҚ ҰЛҒАЙДЫ

Bloomberg деректеріне сәйкес, маусымнан тамызға дейін Қазақстанның валюта нарығында юаньмен және рубльмен сауда көлемі екі еседен артық өскен. Сауда-саттықтың орташа айлық көлемі 893 миллион юань (127 миллион доллар) және 86 миллиард рубль (925 миллион доллар) болды. Бұл өсім Мәскеу биржасында АҚШ долларымен сауда-саттықтың тоқтап қалуымен байланысты – мәмілелер Қазақстанға қайта бағытталған.

САУДАНЫҢ АРТУ СЕБЕПТЕРІ 

Қазақстан Ұлттық банкі "рубль-теңге", "юань-теңге" және "еуро-теңге" сияқты валюталық жұптармен сауда-саттық көлемінің қарқынды артуы өңірдегі экономикалық белсенділіктің өсуімен туындағанын атап өтті. Мысалы, тамыз айында "рубль-теңге" валюталық жұбымен сауда көлемі 124,2 млрд рубльге жетіп, тарихи рекорд орнатқан.

ЮАНЬ БАСТЫ НАЗАРДА  

Ресей бизнесінің юаньға деген сұранысы өсіп барады. Қазақстан банктері осы валютамен мәмілелерді ресми статистикада көрсетпей, өз жүйелерінің ішінде жиі транзакциялар жүргізе отырып, көбірек тіркейді. Юаньмен биржадан тыс банкаралық мәмілелер шілдеде ондаған есе өскен.

КӨРШІЛЕР ҚЫЗЫҒЫП ОТЫР

Ресейден басқа, Қазақстан банктеріне басқа көрші елдердің несиелік ұйымдары да жүгіне бастаған. Олар доллармен де, рубльмен де юаньмен мәмілелер жасауға мүдделі. Жаз айларында KASE-де "юань-доллар" кросс-бағамымен сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,63 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33% артық.