Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 26 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 1 долларға 478,16 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге.
Еуро – 534,92.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 477,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 479, 7 теңге. Еуро 533-536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13-5,23 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 25 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,48 теңгеге төмендеп, 478-482 болған еді.