Бүгін доллар неше теңгеден саудаланып жатыр

Қалижан Бектемір

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477 - 481 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің 27 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 1 долларға 478,54 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,17 теңге. Еуро – 533,76.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,1 теңге. Еуро 532-536 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13-5,26 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 26 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,43 теңгеге қымбаттап, 477-481 теңге болаған еді.