Қостанайда жеңгетайлықпен айналысқан әйелге сот үкімі шықты

Сырым Қаржас

Қостанай қаласында қыздарды алдау арқылы жезөкшелік жолға салған жеңгетай әйелге қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

sputniknews.uz

МОЙЫНДАУ

Сотталушы сот залында өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдіретінін жеткізді. Бұл оның жазасын жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі.

Нақты айтқанда, қалалық №2 сотында притон ұйымдастыру және жеңгетайлық фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.

МӘН-ЖАЙЫ

Сот мәліметінше, сотталушы 2021 жылдың қазанынан 2023 жылдың мамырына дейін Instagram-дағы парақшасына қыздарды массажист ретінде жұмысқа қабылдайтыны туралы хабарландырулар орналастырған. 

"Хабарландыруына жауап берген қыздармен кездесіп, оларды жезөкшелікпен айналысуға шақырған. Бұл үшін айыпталушы К. Қостанай қаласында пәтер жалдап, Telegram желісінде клиенттердің тапсырыстарын қабылдаған", делінген сот хабарламасында. 

СОТ ШЕШІМІ

Келісім сомасы шамамен 10 000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін болған.

Сот үкімімен әйел пайда табу мақсатында жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.