Ақтаудағы жол апатының салдары: ауруханадағы екінші қыз қайтыс болды

Сырым Қаржас

13 қыркүйек күні Ақтаудың "Автодром" ауданындағы жол-көлік апатынан зардап шеккен екінші қыздың қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

НЕ ЖАҒДАЙ

Дәрігерлердің айтуынша, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына түскен 2022 жылы туған қыздың жүрегі тоқтап қалған.

ОҚИҒА МӘН-ЖАЙЫ

Естеріңізге сала кетсек, 13 қыркүйек күні кешке Автодром ауданында болған жол апатынан екі бала зардап шегіп, ауруханаға түскені хабарланған. Аталмыш оқиға бойынша жергілікті полиция іс қозғады.

Кейінірек аурухана түскен қыздардың жағдайы ауыр екені белгілі болды. Дәрігерлер бір қызға шұғыл ота жасауға мүжбүр болған. 

Ал 21 қыркүйек күні БАҚ зардап шеккендердің бірінің жүрегі тоқтап қайтыс болғаны жайлы ақпарат таратты.