×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

«Омикрон» штамы: Қазақстан Египетпен әуе қатынасын тоқтатады

30.11.2021, 08:41
Фото: Ашық дереккөзден

Ел билігі коронавирустың жаңа штамына байланысты Африка елдерінің азаматтарын Қазақстанға кіруіне шектеу қоймақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коронавирус инфекцияның «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомство аралық комиссияда ағымдағы жылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданған:

  1. Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
  2. «ОМИКРОН» нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден, бүгінгі күні бұл елдер -  Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет. Осы елдерден келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу.
  3. «Омикрон»-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс. Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.
  4. Бельгияда, Египеттен келген адамнан «Омикрон» штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру.
  5. ҚР-да айналымда жүрген короновирустық инфекция штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстарын жалғастыру.

 

Серіктес жаңалықтары