Қазақстан Сирия мен Иранның әнұранын шатастырып алды

Ulysmedia

Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы ЧМ-2023 аясындағы іріктеу ойынында өзінде Сирия спортшыларын қабылдап, әнұранды қате қою арқылы қонақтарды ренжітіп алды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы

Осылайша сириялық баскетболшылар кездесу алдында Иран әнұранын тыңдауға мәжбүр болды. 

Жағымсыз жайттан соң Сирия тарапы ФИБА мен ҚР Сыртқы істер министрлігіне шағым түсіріп отыр. 

«Ұйымдастырушыларға айыппұл салынатын болады», – дейді Сирия баскетбол федерациясының басшысы Тариф Кутраш.

Айтпақшы,ойын қорытындысында, қазақстандық спортшылар жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, саналуан халықаралық шаралар барысында, оның ішінде көбінесе спорттық сайыстарда Қазақстан әнұранын ескі нұсқасымен немесе «Борат» кинофильміндегі әнмен шатастырып алу деректері жиі кездесіп тұрады. Тіпті ел ішінде, Қостанай қаласында, 2012 жылы шетелдік әнші Рики Мартиннің әні қойылып кетіп, бірнеше секундтан соң мемлекеттік әнұранға ауыстырылған болатын.