«ForteBank» желіде тараған ақпаратты теріске шығарды

Ілияс Бақыт

ForteBank RBK және Еуразиялық банкті сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ulysmedia.kz-ке банктің ресми өкілдері мәлім етті.

Ашық дереккөзден

НЕ ЖАҒДАЙ

Ресейлік телеграмм арналардың бірінде ForteBank Қазақстандағы екі банкті, RBK және Еуразиялық банкті сатып алу мүмкін деген ақпарат тарады. Сол арқылы “ел экономикасында 3 мегабанк пайда болады” делінген еді ақпаратта.

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

Алайда «ForteBank» АҚ бұны жоққа шығарды. 

“Кейбір Telegram арналарда тараған «ForteBank» АҚ-ның "RBK" АҚ және "Еуразиялық банк" АҚ сатып алу жоспарлары, сондай-ақ аталған банктер бойынша due diligence рәсімінің басталуы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейміз”,- деді компания өкілдері Ulysmedia.kz-ке берген жауабында.