Бейруттың оңтүстігіндегі халықаралық әуежай маңында бірнеше ірі жарылыс болды

Ғалиасқар Думан

Ливан астанасы Бейруттың оңтістігінде бірнеше ірі жарылыс болды. Соққы нысанасы жақында өлтірілген «Хезболлы» көшбасшысының ағасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

Reuters

10-11 СОҚҚЫ

«Хезболла» тобына жақын дереккөздер Израиль әскері 11 соққы жасағанын мәлім еткен. 

Ливанның ұлттық ақпарат агенттігі бірінен кейін бірі 10 соққы жасалғанын, бұл – Бейруттың оңтүстігіне жасалған соңғы кездегі ең ірі шабуыл болғанын жазды.

Израиль әскері шабуылға байланысты пікір білдірмеді, алайда бұрынырақ Бейруттың оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды эвакуциялануға шақырған.

МАҚСАТ

Axios порталы жасалған соққылардың нысанасы «Хезболланың» жақында өлтірілген жетекшісінің інісі Хашим Сафи ад-Дин болуы мүмкін деп отыр. Ол топтың ықтималды жетекші ретінде аталып жүрген. Соққы салдарынан оның зардап шеккен зардап шекпегені белгісіз.

Ливан денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәуліктерде израильдің соққылардан 37 адам қаза тауып, 151 адам зардап шеккенін жазды.

Израиль өз кезегінде «Хезболланы» Ливаннан Израиль аумағына қарай 230 зымыран атқанына кінәлады. «Хезболла» Израиль аумағына зымыранмен соққы жасап, құрлық операциясын жүргізіп жатқан жауынгерлерге шабуылдағанын мәлім еті.

ИРАНҒА ЖАУАП

Израиль билігі Иранның зымыран шабуылана қалай жауап берерін әлі де ойланыс жатқаны хабарланды.

АҚШ президенті Таяу Шығыстағы ауқымды соғыстың әлі де алдын алуға болады деп санайды. Ол АҚШ Израильге көмектесуді жалғастыра беретінін жеткізді.