«Жаралған намыстан»: Әлімханұлының бокс кешінде Қазақстанның ескі әнұраны қосылып кетті

Сырым Қаржас

Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович жекпе-жекке шықты.

Бокс кеші тікелей эфирде “Қазспорттан” көрсетілуде.

Жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып жіберді. Жәнібек Әлімханұлының командасы қателікті көрсетіп, әрекет жасағанымен қазіргі әнұран орындалмады. Бұған аренадағы қазақ жанкүйерлері де наразылық білдірді.