Референдум: Досаев дауыс беруге жұбайымен бірге келді

Қалижан Бектемір

Алматы әкімі Ерболат Досаев АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда дауыс беру үшін барды.

Еске салайық, күні кеше өткен мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумының ашылуында Тоқаев АЭС салу мәселесін халық шешетінін айтқан болатын.

Бүгін референдум өткізілуіне байланысты Ішкі істер министрлігі полиция ел аумағы бойынша қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылғанын мәлім еткен еді.