Синоптиктер ескерту жасады: 7 қазанға арналған ауа райы

Қалижан Бектемір

Синоптиктер ертең, 7 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ТҰМАН, ЖЕЛ

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 07-09 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 08-09 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 07-09 қазанда облыстың оңтүстік-батысында төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

ӨРТ ҚАУПІ САҚТАЛАДЫ

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 07 қазанда облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

ЖАҢБЫР, ҚАР

Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 07-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында найзағай. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с. 07-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.