Бауыржан Төлегенұлы Әленов Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӨКІМ
“Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды” делінген Ақорда хабарламасында.
ОЛ КІМ
Бауыржан Әленов – Көкшетау облысының тумасы.
2004 жылы "Фемида" заң институтын тәмамдаған, 2012 жылы Қарағанды заң институтының магистр дәрежесін алды.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады.
Ол 2021 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ Жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ Жетінші департаментінің бастығы болған.
2022 жылы Президент Әкімшілігінің келісімімен полиция полковнигі Бауыржан Әленов Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған.
Бұған дейін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған Марат Қожаев сенат депутаты болып ауысқан.