Белгілі судья Светлана Жолманова ұсталды

Әлихан Асқақ

Светлана Жолманова аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Жолманованы ұстау фактісін Алматы полиция департаменті растады.

Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген. Ол сот шешімін белгілі бір адамдардың пайдасына шығаруға көмектескен. 29 сәуірде Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды. 2023 жылдың 12 мамырында Тоқаевтың Жолманованы жұмыстан шығарғаны белгілі болды.