Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНТИКОР ХАБАРЛАМАСЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді
– Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Осындай қоңыраулар мен хабарламаны алған жағдайда Антикор құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.