Бір мезетте 8 автокөлік соқтығысқан: Қостанай облысында көктайғақ

Ілияс Бақыт

Полиция жүргізушілерді мұқият болуға, жылдамдық пен қашықтықты сақтауға шақырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қостанай облысының ПД

11 қазан күні кешке Қостанайдың үлкен көпірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты сегіз автокөлік соқтығысқан жол апаты болды. 

"Апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Тек автомобильдерге материалдық шығын келтірілді. Апаттың алдын ала себебі – қашықтықты сақтамау. Бұл жерде болған оқиғаға құқықтық баға беретін патрульдік полицейлер жұмыс істейді", – деді Қостанай ҚП патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Еңлік Сураганов.

Полицияның мәліметінше, қазір Қостанай трассасында көктайғақ. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Бас прокурор Берік Асылов жол апаттарының саны артуына алаңдаушылық білдіріп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырған. 

ТЫЙЫМ

Сондай-ақ келер жылдан бастап жол көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында рөлі оң жақта орналасқан көлік иелеріне электронды қызметтер арқылы жолаушылар тасымалдауға тыйым салынбақ.