Жол апаты. Маңғыстауда Өзбекстанның 6 азаматы қаза болды

Әлихан Асқақ

Маңғыстаудағы жол апатынан Өзбекстанның алты азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

16 қазан күні таңертең Бейнеу-Тәжен тас жолында жол апаты болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Jac жеңіл көлігі жол шетінде шекарадан өту үшін кезек күтіп тұрған "МАН" жүк көлігіне соғылған. 

Көлікте барлығы он адам болды. Алтауы қаза тауып, төртеуі Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр, – деп хабарлады ведомстводан. 

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР

Полиция екі көлік те Өзбекстанда тіркелгенін атап өтті. Жәбірленушілер мен қаза тапқандар да сол елдің Ресейден келе жатқан азаматтары. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиға туралы ақпаратты Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына тапсырды.

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.