Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487-493 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық банктің 17 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 488,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,04 теңге. Еуро – 532,40.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 489,7 теңге. Еуро 530-534 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 493 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05-5,15 аралығында саудаланып жатыр.