Абай облысындағы Аягөз ауданындағы қазандықтан ақау шықты

Қалижан Бектемір

Абай облысынағы Аягөз ауданында 16 қазан күні сағат 15:00-де жылумен жабдықтау желісінде апат болып, жылу өшіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Апат салдарынан Д159 ысырмасы істен шыққан. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ақау сағат 16.00-де толықтай жойылған.

Қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр. Жалпы, ауданда жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтыру жұмыстары жүргізілуде. Барлық нысан толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Аягөз ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар 5 қазанда орталықтандырылған жылумен жабдықталды. Тұрғын үйлер жылуға 15 қазанда қосылған.

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы Саран қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, күн суытса да жылусыз отырғандарын айтқан еді.

Сондай-ақ бұған дейін Саран қаласында жылу берілмей, халық шулап жатқанын жазған едік.