«Қар аралас жаңбыр, жел». Демалыс күндерге арналған ауа райы

Қалижан Бектемір

Осы демалыста, яғни, 19-21 қазан аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қазгидрометтің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Үш күн бойы Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың шығысында ғана күн ашық болады. Жалпы, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай ойнайды, - деп хабарлады Қазгидромет.

Сондай-ақ батыс пен солтүстік-батыстағы ауа температурасы 13 градусқа дейін, шығыс пен орталықта 18 градусқа дейін, ал, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 22 градусқа дейін жылынады деген болжам бар.