«Өскен өңір» газетінің 85 жылдық мерейтойы

Ілияс Бақыт

Бүгін «Өскен өңір» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Тарихи кезеңдерге таразы болған басылым» атты танымдық конференция өткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Танымдық конференцияға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Абдрахманов, журналист, заңгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» Ақайдар Ысымұлы, мемлекет қайраткері Алтыншаш Жағанова, жазушы, журналист, ауданның «Құрметті азаматы» Сәрсенбек Бекмұратұлы, жазушы-журналист Әлібек Асылбайұлы, ақын Қатира Жәленова, Сыр елінің аяулы қызы, ақын Қаршыға Есімсейітова, «Сыр медиа» ЖШС директоры Марат Аралбаев және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып, баяндама жасады. 

Конференция барысында «Өскен өңір - 85» атты кітаптың тұсауы кесіліп, газет редакторы Нұрболат Сәдуақасұлына аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың арнайы құттықтауын аудан әкімі табыс етті.  

Сондай-ақ, шара барысында бірқатар азаматтарға газеттің 85 жылдық төсбелгісі табысталды.