Алматыда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр

Қалижан Бектемір

Ұлттық банктің мәліметінше, 20 қазанда доллар бағамы – 485.04 теңге, еуро – 525.98 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Алматыда ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны 487.7 теңгеден, еуроны 529 теңгеден сатуда.

Ал долларды 484.7 теңгеге, еуроны 525 теңгеге сатып алып жатыр.

Ұлттық валюта бағамының құбылмалылығын жіті қадағалап отырған қазақстандық сарапшылар Ұлттық қордан аударылатын трансферттердің артуы қаржы нарығына кәсіби қатысушылар арасында күман туғызып, ұлттық валютамыз теңгеге деген сенімді азайтатынын атап өтті.

1 қазаннан бастап доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 480,35 болса, 10 қазанда 491,74-ке жетті. Валюта бағамының бұлай өзгеруі ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуін білдіреді.

Осы ретте Ұлыс тілшілері “Доллардың 1000 теңге болуы рас әңгіме ме: дефолт Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін” деген тақырыпта сараптама әзірлеген.