Бүгінгі валюта бағамы қандай

Қалижан Бектемір

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюталардың бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы – 485,04 теңге, еуро – 525,98 теңге, рубль – 5,04 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 483 теңге, сату бағамы 488 теңге. Еуро сәйкесінше, 523, 529 теңге, рубль 5 және 5,1 теңге.

Алматыда доллар 482,3 теңгеден сатылып, 485,1 теңгеден сатып алынып жатыр. Еуро 523,5 және 527,5 теңге тиісінше. Рубль 4,97 теңгеден сатылып, 5,09 теңгеден сатып алынып жатыр.

Шымкентте долларды сатып алудың орташа бағамы 483 теңге, сату бағамы 485 теңге. Еуроны сату-сатып алу 525 және 529 теңге. Рубль тиісінше, 5 және 5,05 теңге.

Ұлттық валюта бағамының құбылмалылығын жіті қадағалап отырған қазақстандық сарапшылар Ұлттық қордан аударылатын трансферттердің артуы қаржы нарығына кәсіби қатысушылар арасында күман туғызып, ұлттық валютамыз теңгеге деген сенімді азайтатынын атап өтті.

1 қазаннан бастап доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 480,35 болса, 10 қазанда 491,74-ке жетті. Валюта бағамының бұлай өзгеруі ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуін білдіреді.

Осы ретте Ұлыс тілшілері “Доллардың 1000 теңге болуы рас әңгіме ме: дефолт Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін” деген тақырыпта сараптама әзірлеген.