Covid-19: Қызыл аймақтан барлық өңір шығып кетті

Ulysmedia

6 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Фото: Ашық дереккөзден

Матрицаға сәйкес, «қызыл» аймақта бірде бір облыс қалған жоқ. Кеше «қызыл» аймақта болған Солтүстік Қазақстан бүгін «сары» аймаққа шықты.

Жалпы «сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары бар.