Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қалижан Бектемір

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылдың алдағы 22-24 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ құбылыстары, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады.

23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысында тауларда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстан бойынша жел мен тұман күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды, – деп хабарлады синоптиктер.