Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Қалижан Бектемір

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюталардың бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы – 481,68 теңге, еуро – 522,48 теңге, рубль – 5 теңге.

Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 481 теңге, сату бағамы 486 теңге.

Еуро бағамы сәйкесінше, 522 -528 теңге. Ал рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,97 теңге, сату бағамы 5,07 теңге.

Алматыда долларды сатып алу бағамы 483,5 теңге, сату бағамы 486,5 теңге.

Еуро 522,5 теңгеден сатып алынып, 526,5 теңгеден сатылып жатыр. Рубльді бағамы тиісінше, 4,99 – 5,09 теңге.

Шымкентте ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 483 теңге, сату бағамы 485 теңге.

Еуро  523, 527 теңге, ал рубльді сатып алудың орташа бағамы – 4,97 теңге, сату – 5,03 теңге.

Ұлттық валюта бағамының құбылмалылығын жіті қадағалап отырған қазақстандық сарапшылар Ұлттық қордан аударылатын трансферттердің артуы қаржы нарығына кәсіби қатысушылар арасында күман туғызып, ұлттық валютамыз теңгеге деген сенімді азайтатынын атап өтті.

1 қазаннан бастап доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 480,35 болса, 10 қазанда 491,74-ке жетті. Валюта бағамының бұлай өзгеруі ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуін білдіреді.

Осы ретте Ұлыс тілшілері “Доллардың 1000 теңге болуы рас әңгіме ме: дефолт Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін” деген тақырыпта сараптама әзірлеген.