Еуропарламент Кремльдің бұғатталған ақшасынан Украинаға қарыз беретін болды

Әлихан Асқақ

Еуропарламент Украинаны қорғау және қайта құру үшін 35 миллиард еуро (38 миллиард доллар) несиені мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

ВВС дерегінше, қарыз Мәскеудің көрші елге шабуылынан кейін батыста бұғатталған активтері есебінен берілмек.

Сейсенбідегі дауыс беруде ұсыныста 518 депутат қолдаған, 56-сы қарсы дауыс берсе, 61-і қалыс қалған.

Әңгіме G7 мақұлдаған 50 миллиард доллар несие туралы. Осы жазда қабылданған шешімге сәйкес, Киев бұл ақшаға қару-жарақ сатып алуды, соғыс кезінде қираған қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіруді қаржыландыра алады.

Сонымен бірге, АҚШ sharket-тен ресейлік активтердің ұзақ мерзімге шектелуіне кепілдік беруді талап етті. Вашингтон, егер алты ай сайын санкцияларды ұзартқан одақ мұны істей алмаса, несиені өтеу тоқтатылады деп қорқады. Алайда, Венгрия активтерді шектеуді 3 жылға ұзартуға қарсы.

ҚАШАН АЛАДЫ

"Үлкен жетілік" қаржы министрлері 25 қазанда Вашингтонда Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің отырыстарында кездескен кезде несиені бөлу туралы мәліметтерді жариялайды деп күтілуде. Егер келісімге келсе, Украина өзінің бірінші бөлігін жыл соңына дейін ала алады.

Сол күні 50 миллиард долларлық пакет аясында Ұлыбритания Киевке қару сатып алуға және өндіруге 2,4 миллиард доллар бөлетіні белгілі болды.

Ресей 300 миллиард долларға тең активтерді пайдалану заңсыз екенін, бұл әрекеттері үшін жауап болатын ескертеді.

Несие беру туралы шешім Ресей әскерлері Шығыс Украинаға шабуыл жасап, электр желісіне соққы берген сәтте мақұлданған.