Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюталардың 23 қазандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483-488 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 484,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,03 теңге. Еуро – 524,28.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Ал Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 488,3 теңге. Еуро 524,5-528,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,07 аралығында саудаланып жатыр.