Роспотребнадзор екі адамның омикронды жұқтырғанын растады деп хабарлайды ulysmedia.kz РИА-Новости-ге сілтеме жасап.
Оңтүстік Африкадан келген екі адамнан коронавирустың омикрон штаммы анықталды, деп хабарлайды Роспотребнадзор.
Екінші желтоқсанда Ресейдің бас санитарлық дәрігері Анна Попова Оңтүстік Африка мен көрші елдерден ұшатын жолаушыларға екі апталық карантин жариялады.
Жаңа штамм B. 1.1.529 қарашаның жиырмасы күндері Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталды. Зерттеушілердің пікірінше, SARS-CoV-2 геномындағы көптеген жаңа өзгерістер вакцинациядан кейінгі антиденелерге төзімді. Дегенмен қорытынды жасауға әлі ерте.
Болжам бойынша, B. 1.1.529 иммунитеті әлсіреген адам ағзасында пайда болған.