Елорданың бел ортасында орналасқан нысанның бастапқы бағасы 816 млн теңге деп белгіленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚазМұнайГаздың тұрғын үйге келмейтін, кеңсе орналастыруға болатын нысанының сипаттамасы электронды сауда алаңында көрсетілген. ҚазМұнайГаз Астанадағы өзінің әкімшілік ғимаратының С және Е бөлігін сатып жатыр. Оның аумағы 1600 шаршы метр. Нысанның бастапқы бағасы да, бағалау құны да 816 млн теңге.
Аукцион биыл 12 қарашада өтеді.
Еске сала кетейік, бұл нысандарды ұлттық компания 2022 жылы да саудаға шығарған. Ол тұста Қабанбай батыр көшесіндегі ғимараттың В,С,Е блогының (ішіне штаб-пәтері де кіреді) бағасы 11 млрд 726 млн теңге деп белгіленген еді. Алайда араға ай салып, компания аталған ғимаратты саудаға шығару мәселесін қайта қарап, сатпайтыны хабарланған.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – Қазақстанның жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және қамтамасыз етуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылған және еліміздің мұнай-газ саласындағы Қазақстанның мүдделерін қорғайды. ҚазМұнайГаз акционерлері – "Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.