×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ұлттық банк: Біз Ресейден тауармен бірге инфляцияны да импорттаймыз

07.12.2021, 10:14
Фото: Ашық дереккөзден

Базалық мөлшерлемеге қатысты соңғы шешімге не түрткі болғанын ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Инфляция бойынша күтулер және оны қалыптастыратын сыртқы факторлар  туралы айтар болсақ, бұл – азық-түлік өнімдері бағасының жалпы әлемдік өсімінде. Әлемнің көптеген елінде инфляцияның рекордтық деңгейі әлі де сақталып келеді. Азық-түлік бағасы өндірістік-логистикалық тізбектердің бұзылуына және қолайсыз ауа райының салдарынан ұсыныстың төмендеуіне байланысты жоғарылайды. ФАО азық-түлік бағаларының индексі төртінші ай қатарынан өскенін көрсетті. Биылғы қарашада индекс 2011 жылғы маусымнан бастап ең жоғары деңгей – 134,4 тармақ белгісіне жетті. Осылайша, сыртқы азық-түлік бағасы бір жыл ішінде 27,3%-ға өсті», - дейді ол.

Ақылжан Баймағамбетов сонымен қатар Қазақсатнның ірі сауда әріптесі немесе импорт тұрғысынан негізгі сауда әріптесі – Ресейдегі инфляцияның өсуін де атап өтті. Инфляция биыл қазанда 8,1%-ға дейін қарқын алып, бес жылдық ең жоғары көрсеткішке жеткен. Бұл олардың нысаналы дәлізінен екі есе көп.

«Ресей импортының жоғары үлесін ескерсек, әрине, ондағы жоғары инфляция ішкі бағаларға да әсер етеді. Қымбаттаған тауарлармен қатар біз инфляцияны да импорттаймыз», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары