Смартфонсыз мектеп. Астана мектептері телефоннан бас тартып жатыр

Әлихан Асқақ

Білім сапасын арттыру мақсатында Астана мектептерінің бірқатар білім беру ұйымында "Смартфонсыз мектеп" жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Атап айтқанда, #1, 4, 7, 8, 17, 18, 25, 28, 29, 32, 34, 43, 46, 48, 52, 58,  70, 73, 76, 77, 87, 93, 103, 103, 108. Білім алушылар бірінші сабақтың алдында ұялы телефондарын арнайы ұяшықтарға салып қояды, делінген қалалық білім басқармасы таратқан ақпаратта.

Білім басқармасы мұндай шара оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ете деп топшылайды.

Жоба “пилоттық режимде жүзеге асады. Смартфонға арналған ұяшықтарды оқушылардың өздері еңбек сабағында жасайды.

Естеріңізде болса, бұған дейін елордадағы мектептердің бірінде оқитын оқушылар смартфоннан өз еркімен бас тартқаны туралы хабарлағанбыз.