Екі күн ішінде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталған

Ғалиасқар Думан

Ішкі істер министрлігі жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: polisia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Министрліктің ресми ақпараттық ресурсының мәліметінше, екі күн ішінде полиция іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұсталған, оның ішінде:

– кісі өлтіргені үшін – 9;

– денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 4;

– қарақшылық шабуылдар үшін – 5;

– тонау үшін – 7;

– есірткі қылмысы үшін – 19.

ЕЛ АУМАҒЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ҰСТАЛҒАНДАР

Республикадан тыс жерлерде 33 қылмыскер ұсталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынған.

Атап аайтқанда, Арменияның Ноемберян ауданының аумағында 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталған. Ол қыркүйек айының соңында Петропавлда қала тұрғынына пышақ жарақатын салып, өміріне қастандық жасаған.

Одан бөлек Павлодар облысы полициясының жедел-іздестіру тобы Ресей Федерациясының Орел қаласында 42 жастағы қазақстандықты ұстаған. Қаскөй 2017 жылы өңірлік ЖШС-нің біріне дизель отынын жеткізуге уәде беріп, 50 млн теңгені иемденген.

Алматы полициясы Ташкент облысының МІІБ-мен іздеуде жүрген 28 жастағы Өзбекстан азаматын ұстаған. Әйел 2015 жылдың мамыр айында өзінің кәмелетке толмаған қызын өлтірген.

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша Германияның Нюрнберг қаласында елжің 42 жастағы азаматы ұсталған. Ол наурыз айының соңында астық жеткізуге уәде беріп, Павлодарда шетелдіктің 244 мың АҚШ долларын жымқырған.

Абай облысының ПД қызметкерлері іздеуде жүрген семейлік тұрғындарды қаланың өзінде ұстаған. Олар 2021 жылы ҰҚТ көмегімен металл зауытынан құрамында алтыны бар материалды ұрлап әкеткен.