Балқаш маңында жер сілкінді

Әлихан Асқақ

ҚР ҰЯО ИГИ деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес 2024 жылғы 30 қазанда Астана уақытымен сағат 10:58 минут шамасында жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Балқаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 57 км жерде жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 500 шақырым жерде орналасқан - делінген хабарламада.

Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 4,5 болды. Энергетикалық класс-9,6.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазанда Жетісу облысында, Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 3,6 құрады. Энергетикалық класс-8,3.