×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Болжам да жоқ: Сапаров итбалықтар неге қырылып жатқанын айта алмады

01.11.2024, 12:59
Болжам да жоқ: Сапаров итбалықтар неге қырылып жатқанын айта алмады
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia.kz тілшісі ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан Маңғыстау жағалауында итбалықтардың қырылуына не себеп болғанын сұрады.

САПАРОВ НЕ ДЕЙДІ

– Ол жерде қырылғаны рас. Зертханаға қазір бәрі өткізілді (сынамалар). Анализ өткеннен кейін сіздерге хабарласамыз, – деді жүре тыңдаған Айдарбек Сапаров.

Министрдің берген жауабына сәйкес, қазір итбалықтардың қырылуына не себеп болғаны турасында алдын ала қорытынды жоқ. “Зерттегеннен кейін белгілі болады” дейді ол.

– Нәтижесі болғаннан кейін айтылады. Болжаммен бұрын айтуға болмайды. Байқап, тексеріп алу керек, – дейді ол.

ИТБАЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫРЫЛУЫ

Маңғыстау жағалауында өлі табылған итбалықтардың саны қарқынды өсіп, бұған дейін 300-ге жетіп қалғаны хабарланған еді. Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері, ихтиолог Әсел Баймұқанованың айтуынша, әсіресе Солтүстік Каспийге келгеннен кейін итбалықтардың өлексесі көбейген. Балық шаруашылығы инспекциясының мәліметі бойынша, 24-29 қазан аралығында Каспий теңізі жағалауынан 289 өлі итбалық табылған. Мекеме бұл оқиғаның себептері әлі белгісіз екенін айтып, жағалау аймағын бақылауды жалғастыруда.

Алдын ала нұсқа бойынша, итбалықтардың өлімі теңіздің ластануынан және олардың иммунитетінің төмендеуінен болуы мүмкін екенін жазған едік. Оның алдында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Маңғыстаудағы итбалықтардың жаппай қырылу себептерін әлі атай алмаған еді.