Жүргінші, абай болыңыз! 9 өңірде ескерту жарияланды

Әлихан Асқақ

"ҚазАвтоЖол" компаниясы ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

2024 жылғы 1 қарашада Абай, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Компания сондай-ақ 1403 байланыс орталығына хабарласып, кез келген уақытта қосымша ақпарат алуға болатынын ескертті.

“Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 018/2011) талаптарына сәйкес, жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды пайдалануға тыйым салынса, қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқару заңмен шектеледі.

Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуы тиіс.

1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, көлік иелеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.