Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері аса ірі мөлшердегі өтірік шетел валютасын анықтап, жойғандарын мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен 2020 жылдың соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алынған миллионға жуық долларды пешке жақты.
«Қызметкерлер бақылау сатып алу жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды», – деп түсіндіреді құзырлы орын өкілдері.
Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленіп отыр.