Баспана мәселесі. Тағы бір бағдарлама іске асады

Әлихан Асқақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банк» тағы бір жаңа бағдарламаны іске қосатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Премьер-министрдің қатысуымен инвесторлар форумы өтті. Онда «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова келісімге қол қойды. Оған 70 млрд доллар тартылады. Сол арқылы жаңа бағдарламалар енгізіледі. Ол кісі бұл жөнінде маған келіп жеке айтты. III топтағы мүгедектер болсын, көпбалалы ана болсын, жалғызбасты аналар болсын, оларға жаңа бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондықтан оны күтемін, – деді министр Астанада өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің сөзінше, бүгінде елде 70 мыңнан астам мүгедек баспанаға мұқтаж.

Естеріңізге сала кетейік, осы жиын барысында министр жұмыс істейтін зейнеткерлердің зейнетақысын қысқарту туралы ұсыныс түскенін айтқан