Алматы қаласынан 258 шақырым жердегі Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10.50-де жер сілкінгенін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құраған жер сілкінісі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген», – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираул туралы мәлімет түскен жоқ.
Еске сала кетсек, 30 қазан күні Балқаш көлі маңында жер сілкінген болатын.
Сондай-ақ 26 қазан күні Астана уақытымен сағат 11:24-те Жетісу облысындағы Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінген еді.