Салынып жатқан «Qaragandy Power Silicon» зауытында қайғылы оқиға болды. Жұмысшы биіктен құлап, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы хабарлады. Қайғылы оқиға қазанның 3-і күні монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған..
«Біз бұл оқиғаны тексеру үшін комиссия құрамыз», - делінген хабарламада.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Қарағанды облысының полиция департаменті оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.
Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.