Алматы маңында жер сілкінді

Әлихан Асқақ

Бүгін таңға жуық Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

ТЖМ мәліметінше, ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 қарашада Астана уақытымен сағат 04:31-де жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан, – делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.