Қор нарығында доллар қымбаттады

Қалижан Бектемір

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,09 теңгеге көтеріліп, 489,36 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы долларға 488,11 теңге.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 489,02 теңгені, сатылымы 490,52 теңгені болып отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 488,99 теңгеден сатып алынып, 492,05 теңгеден сатылып жатыр.