«Пфайзер» бағасын бекітуге Экономика министрлігі қатыспайды - Цой

Ulysmedia

Ulysmedia.kz денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға өзі басқаратын ведомство мен Ұлттық экономика министрлігі «Пфайзердің» бағасы туралы келісе алмай отырғандығы туралы сұрақ қойды.

Фото: ашық дереккөзден

- «Пфайзермен» ақылы вакцинация қашан басталады?

- «Пфайзер» бойынша әзірге ақпарат жоқ. Белгілі болғанда, біз сізге міндетті түрде хабарлаймыз.

- Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен келісе алмай отырғаны рас па?

- Экономика министрлігінің бұған қатысы жоқ. Бұл өндірушінің мәселесі. Өндіруші белгілі бір партия жібергеннен кейін, бағалар белгілі болады.

- Денсаулық сақтау министрлігі экономика министрлігінің қатысуынсыз келіссөздер жүргізе ме?

- Әрине. Денсаулық сақтау министрлігі және "СК Фармация" қатысады. Сондықтан мұнда экономика министрлігі тартылмаған. 

Бұған дейін министр Цой ақылы вакцинациялау мерзімі туралы әлі айта алмайтынын, бірақ мәселе пысықталып жатқанын айтқан болатын.