Олардың 45 миллионға жуығы сайлау учаскелерінде жеке дауыс берді, ал шамамен 37,7 миллионы пошта арқылы дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Флорида штатының университеті жариялаған мәліметтерде айтылды.
Университет сарапшыларының есептеулеріне сәйкес, елдің 82 713 594 тұрғыны мерзімінен бұрын дауыс берген. Олардың 45 миллионға жуығы сайлау учаскелерінде жеке дауыс берсе, шамамен 37,7 млн-ы пошта арқылы таңдау жасаған. Мерзімінен бұрын дауыс беруге қатысқандардың 37,8%-ы Демократиялық партияның, 35,8% -ы Республикалық партияның мүшелері. Тағы 26,4%-ы партиядан тыс сайлаушылар.
Мерзімінен бұрын дауыс беруде ең белсенді Штаттардың тізімін Техас бастап тұр (8,9 миллион). Ал алғашқы үштікке Флорида (8,3 миллион) және Калифорния (8,1 миллион) штаттары кіреді. АҚШ-та тіркелген сайлаушылардың жалпы саны шамамен 168 млн.
Естеріңізде болса, 5 қарашада өтетін президенттік сайлауда Камала Харрис пен АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп бақ сынап жатыр.