Израиль Иранға қауіптің алдын орайтын соққы жасауды ойластырып жатыр

Сырым Қаржас

Израиль БАҚ-тары елде әскери және үкімет мүшелері арасында Иранға алдын ала соққы беру мәселелері белсенді талқыланып жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

overclockers.ru

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Израильдің 14-ші арнасы бұл бастама Иранның әскери және ядролық қондырғыларынан туындайтын ықтимал қауіптерді жою әдісі ретінде қарастырылғанын хабарлады. Дереккөздер Израиль мұндай операцияны АҚШ-тың назары сайлауға аударылған кезде жасауға тырысуы мүмкін дейді. Израиль армиясы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қорғаныс позицияларын нығайту арқылы жауынгерлік дайындығын арттырады.

Еске сала кетейік, 26 қазанда Израиль әскери күштері Ирандағы нысандарға бірқатар соққы жасаған. 

1 қазанда Иран Израиль бағытында жүздеген зымыранды ұшырды. Иранның мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл "Хезболла" басшысы Хасан Насралла мен ХАМАС жетекшісі Исмаил Ханияның жойылуына жауап ретінде жасалған. Шабуыл кезінде бүкіл елде дабыл қағылып, Бен-Гурион әуежайы ұшақтарды қабылдауды тоқтатты.

2 қазанда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранның "үлкен қателік жібергенін және сол үшін жауап беретінін" мәлімдеді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Израильдің Иранның әскери нысандарына жасаған шабуылдарын айыптады.

ИРАН  

Сонымен қатар, Иран Израильге ауқымды әрі тұрақты армияның қатысуымен шабуыл жасағалы отыр деген де ақпарат тараған. Соққы жасау үшін зымырандар, дрондар және тұрақты армияның бір бөлігі жұмылады делінген.